❗️ ❗️ ❗ НАЗАР аударыңыз! ❗️ ❗️ ❗️ Бірінші сыныпқа өтініштерді қабылдау ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 31 тамызына дейін қолжетімді болады. Баланы бірінші сыныпқа қабылдау үшін көрсетілген мерзім өткенге дейін "электрондық үкімет" порталы арқылы не тікелей білім беру ұйымына (мектепке) құжаттарды тапсыру қажет. "Құжаттарды қабылдау және білім беру ұйымдарына қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)"қызметін қалай алуға болатындығы туралы бейнероликті
Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады. Бұл – білім беру процесіне қатысушыларға ыңғайлы болу үшін қабылданған шешім.
?Ата-аналар мектепті алдын-ала анықтап, оқуға қажетті құжаттарды уақытылы тапсырады, сондай-ақ балаларды оқу құралдарымен қамтамасыз етеді.
?Мектеп басшылығы сыныптарды жинақтап, қажетті оқулықтарды алдын ала сатып алады. Сонымен қатар педагогтер құрамын анықтап, сағат санын бөледі.
Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады. Қажетті құжаттар тізімі:
✅ Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
✅ Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
✅ «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅ 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
✅ 3х4 көлеміндегі 2 фото.
❗️Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.
@edu_news_qz










