"Әліппе - сауат ашу оқулығы" Биылғы оқу бағдарламасының ең қуантарлық жаңалығы- ұлы ғұлама ғалым, педагог Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде жасалған "Бар кітапқа бас болған - Әліппе" оқулығының қайта оралуы болды. Әліппені оқытудың үш кезеңі қамтылған, олар- "Әліппеге"дейінгі кезең, "Әліппе" кезеңі, "Әліппеден" кейінгі кезең болып табылады. Осының екі кезеңі "Әліппе" оқулығы бойынша жүзеге асырылады, ал кейінгі кезеңде "Ана тілі" оқулығымен іске асырылады. Ахмет Байтұрсынұлының «Білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуға оқушыға мүмкіндік жасау" ұстанымы негізін¬де әліппе оқулығы әзірленді. Бұл оқулықтың ерекшелігі: оқушылардың сауатын ашуға, қазіргі заман талаптарына сай жылдам оқып кетуге, білімін ары қарай дамытуына өте жақсы көмек береді деген сенімдеміз. Сондай-ақ қазіргі жаңа заман талаптарына сай бұл кітапты "Цифрлы әліппе" дейді, себебі кітапта QR код пен аудиодиск бар. Әр тақырыпты өткен соң оқулықтың төменгі бұрышындағы кодты сканерлеп, мақалды тез жаттауға болады. Сонымен қатар, аудиодиск арқылы кітапты электронды түрде оқуды жақсы ойластырған. Көптеген ата - аналар әліппенің қайта енгізілгеніне байланысты қуаныштары мен алғыстарын жеткізді. Тамыры тереңде жатқан әліппе, балалардың әріпті тез үйренуіне оң әсер ететініне сенімді!









